Кәсіподақ Жаңа жыл қарсаңында балаларға қайырымдылық жасады

Ақтөбе рельс-арқалық зауытының бастауыш кәсіподақ ұйымы Жаңа жыл қарсаңында әлеуметтік қорғалатын санатқа енген отбасы балаларына тәтті сыйлықтар үлестірді.

«Біз Жаңа жыл қарсаңында балаларға қуаныш сыйлауды ұйғардық. Көпбалалы және аз қамтылған отбасы балаларына азғантай болса да мерекелік сыйлық әзірледік. Қайырымдылық – ең ізгі іс. Оған атсалысу – біздің парызымыз», – дейді зауыттың бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы А.Алданазаров.