Алматы облысының кәсіподақ орталығы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Әсет Қыдырманов: “Мемлекет басшысының сын сағатта шешімдері мен үндеулері нақты қабылданған шаралар болды. Ол өз халқымен бірге екенін көрсетті. Елімізде болған төтенше оқиғалар мен террорлық әрекеттер жағдайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың әрбір шешімін халық бақылап оң баға беріп отыр.
Сол үшінде халық қолдап, Мемлекет басшысымен бірге екенін білдірді. Тіпті, “Қандай жағдай болса да, мен елордада боламын. Халықпен бірге болу – менің Конституциялық міндетім», – деп айтқаны елді рухтандырып жіберді.
Стратегиялық реформалар жасап, бірқатар жаңа кадрлар тағайындауы да уақытында қабылданған шешім екенін білеміз.
ҚР Парламенті Мәжілісінде еліміздегі қордаланып, жауабы табылмай келе жатқан сұрақтарды Мемлекет басшысы егжей-тегжейлі баяндап, жаңа әлемдегі жаңа қазақстанның даму қарқынын көрсетіп берді”.