Еңбек адамына лайықты жағдай жасау бойынша кәсіподақтар ұсынымдары талқыланды

Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің Үйлестіру Кеңесінің отырысы өтті. Облыс кәсіподақтары елде орын алған жағдай және Қызылорда облысындағы жалпы ахуал мен еңбек ұжымдарындағы жағдайлар туралы ақпарат алмасты.

Кеңес отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 11 қаңтардағы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында жасаған мәлімдемесі талқыланып, қолдау білдірілді.

Сонымен қатар, ҚР Кәсіподақтар федерациясы Атқару комитетінің ҚР Президенті Қ.Тоқаевқа 2022 жылғы  7 қаңтардағы Үндеуіндегі мәселелер талданып, көтерілген мәселелерге байланысты Кеңес мүшелері бірауыздан қолдау білдірді. Облыстық кәсіподақтардың Үйлестіру кеңесі жұмыскерлердің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту және халықтың әл-ауқаты мен өмір сапасын арттыру, еңбек ұжымдарында әлеуметтік шиеленістің алдын алу бойынша пікірлерін ортаға салып, пысықтады. Аталған мәселелер бойынша ұсынымдар ҚР Үкіметіне ұсынылу үшін Кәсіподақтар федерациясы назарына жолданатын болады.