Білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы педагогтардың мүддесін қорғап қана қоймай, қызметкерлердің денсаулығын нығайтуға да көңіл бөліп келеді. Ақтөбе облысы мұғалімдері жыл сайын каникул уақытында шипажайларда тынығып, ем-дом алады.
Мәселен, қысқы демалыс кезінде Алға ауданының ұстаздары “Шипагер” шипажайында дем алып, денсаулықтарын нығайтты. Педагогтар медицина мамандарының тексерісінен өтіп, әртүрлі емдік процедуралар қабылдады.