Қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау мәселесі талқыланды

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы жариялаған әлеуметтік әріптестік жылы аясында Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Қарағанды облыстық ұйымы әлеуметтік әріптестік бойынша жұмысты дамыту бойынша отырыс өткізді.

Отырысқа комиссия мүшелері мен білім қызметкерлері кәсіподақтарының аудандық және қалалық филиалдарының төрағалары қатысты.

Отырыста 2022 жылға арналған жұмыс жоспары бекітіліп, әлеуметтік әріптестікті дамытудың, сала мәселелерін шешуде кәсіподақ мүшелерін қорғау мен қолдаудың тиімді жолдары, жұмыскерлердің еңбек құқықтарын сақтау және қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау мәселелері талқыланды.