Кәсіподақ төрағалары еңбеккерлердің өзекті мәселелерін талқылады

Павлодар облысы Кәсіподақтар үйінде облыстық аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымының «Жергілікті Екібастұз көмір кәсіптік одағы» ҚБ төрағасы Сергей Чапалмен кездесуі өтті.

Кәсіподақ бірлестігі 2015 жылдың 2 шілдесінде құрылды. Оның құрамына «Богатырь Көмір» ЖШС-нің 200-ден астам қызметкері кірді. Кәсіподақ ұйымының мүшелеріне «Богатырь Көмір» ЖШС-де әрекет ететін ұжымдық шарт қолданылады.

Кездесуде қатысушылар ұжымдық шарттың жаңа редакциясын қабылдау бойынша «Богатырь Көмір» ЖШС жұмыс тобының құрамындағы кәсіподақ бірлестігінің ағымдағы жұмысын талқылады. “Екібастұз көмір кәсіподағы” тегін құқықтық көмек көрсетеді, еңбек дауларын қарау кезінде сот талқылауларын ұйымдастыру бойынша барлық шығыстарды кәсіподақ өз мойнына алады. “Екібастұз көмір кәсіподағы” кәсіподақ мүшелеріне, жетім балаларға, ардагерлерге, мектепке даярлауда атаулы қайырымдылық көмек көрсетеді.

Кездесуге қатысушылар «Богатырь Көмір» ЖШС жұмыс істейтін үш кәсіподақ бірлестіктерінің өкілдерінен тұратын бірыңғай өкілді орган құру туралы мәселелерді талқылады.

Бірлестік төрағасы С.Чапала аттестаттау комиссиясы құрамындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы қоғамдық бақылау жөніндегі қоғамдық қызмет туралы айтып берді.

Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы Д.Айтжанова Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы қызметкерлерінің әлеуметтік әл-ауқатын жақсарту бойынша ұсынған және өңірдегі кәсіподақтардың мүшелері қолдаған ұсыныстар туралы, кәсіподақтардың перспективалық және ағымдағы міндеттері туралы айтып берді. Кездесуге қатысушылар кәсіподақ активін және кәсіподақ мүшелерін құқықтық сауаттылықты арттыру бойынша оқыту мәселелерін талқылады.