Медиаторларға медиация негіздері оқытылды

Аумақтық кәсіподақтар бірлестігі алаңында «Кәсіби өзектілік туралы: ҚР «Медиация туралы» Заңындағы новеллалар. Медиация рәсімін сотқа дейін және сотта қолдану практикасы» тақырыбында оқыту семинары өтті. Семинарға Павлодар облысының 100-ден астам кәсіби және қоғамдық медиаторлары қатысты.

Ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде семинарды Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігі, Павлодар облысының Ақпарат және қоғамдық даму басқармасының “Қоғамдық келісім” КММ қатысуымен Павлодар облыстық соты ұйымдастырды.

Семинар спикерлері Павлодар облыстық сотының судьясы А.Ибраев, Павлодар облысының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы Г.Рахматулина, Павлодар қалалық сотының судьясы А.Асанова, Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы К.Темірова, Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігі жанындағы Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Заң клиникасы филиалының басшысы, сот жүйесінің ардагері, кәсіби медиатор М.Иванова медиаторларға бірінші және апелляциялық сатыдағы сотта азаматтық істерді қарау кезінде медиацияны қолдану туралы, “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық процестік заңнаманы жетілдіру және дауларды соттан тыс және сотқа дейін реттеу институттарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” 2021 жылғы 20 желтоқсандағы №84-VII ҚР Заңымен “Медиация туралы” ҚР Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы, медиацияның ерекшеліктері туралы айтып берді.

Семинарға қатысушылар Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің Татуласу орталығының жұмыс тәжірибесінен тараптардың медиация туралы келісімге қол жеткізуінің нақты жағдайлары туралы ақпаратты қызығушылықпен қабылдады.

“Медиативтік техникалардың, медиацияны жүргізудің нысандары мен тәсілдерінің әртүрлілігі, медиацияны еңбек дауларын реттеу жүйесіне қосу еңбек қатынастарының тұрақтылығын арттыру мақсатына жауап береді және қызметкерлер мен жұмыс берушілерді мүдделер теңгерімін іздеуге ынталандырады”, – деп атап өтті өз сөзінде М.Иванова.

Павлодар облысы Ақпарат және қоғамдық даму басқармасының “Қоғамдық келісім” КММ басшысы Н.Кубенова спикерлерге сөз сөйлегені үшін, қатысушыларға медиаторлардың кәсіби біліктілігін арттыруға қызығушылық танытқаны үшін алғыс айтты.

Семинардың әрбір қатысушысына сертификат берілді.