Бастаушы кәсіподақтармен кездесу кестесіне сәйкес, Ақтөбе облыстық кәсіподақтар орталығы төрағасының орынбасары Ж.Ақбергенов және облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының жетекші маманы А.Серімбетов, М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында 2018-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясын жаңғырту Жол картасының негізгі бағыттары, еңбек заңдылықтары, келісім комиссиясы мен еңбек шарттары туралы айтылып, кәсіподақ мүшелерінің сұрақтарына жауаптар берілді.
Еңбек адамының құқықтарын қорғау, өмір сүру деңгейін көтеру, кәсіптік ынтымақтастықты дамыту және нығайту, рухани қолдау көрсету – кәсіподақтың басты міндеті болып табылады. Олай болса, білім беру жүйесінің түбегейлі жаңғыртуға үлес қосуға бағытталған жаңа жағдайдағы жұмыстардың бастамасы жалғасын табатынына, кәсіподақ мүшелерінің жұмыла еңбек ете беретініне, шәкірттерге білім мен тәрбие беруде биік шыңдардан көрініп, жетістіктерін еселей түсетініне сеніміміз айқын.
Ақтөбе қаласындағы М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат ұжымы тәуелсіз еліміздің етеңгі тұлғасы – өскелең ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру жолында оқу-тәрбие үрдісінің тың әрі жаңа әдіс-тәсілдерін оқып-үйреніп, инновацилық өзгерістерге ден қойып отыр.
Казіргі таңда 115 кәсіподақ мүшесі бар ұжым, облыстың барлық аудандарынан келген 450 дарынды балаларға білім беруде.
60 жылдан астам тарихы бар мектеп-интернат қабырғасынан мыңдаған шәкірттер түлеп ұшты. Әр жылғы түлектер өздері білім алған алтын ұясына келіп, ұстаздарымен кездесіп, «Туған жерге тағзым» акция аясында пән кабинеттерінің заманауи талапқа сай жабдықталуына үлестерін қосуда.