Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы биылғы жылды «Әлеуметтік әріптестік жылы» деп жариялауы үлкен тарихи оқиғаларға бастау болмақ. Өткен жылдың 9 тамыз күні «Атырау облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ мен «Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» ҚБ арасында 2021-2023 жылдарға жасалған әлеуметтік әріптестік туралы Келісімге қол қойылды. Аталмыш құжат сол айда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде тіркеуден өтті.
Келісім Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, өзге де заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерге сәйкес Атырау облысы білім беру ұйымдары қызметкерлерінің әлеуметтік-еңбек құқықтары мен кәсіби мүдделерін қорғау мен қызметкерлер үшін қосымша әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және кәсіби кепілдіктер, жеңілдіктер мен артықшылықтар, сондай-ақ заңдармен, өзге де нормативтік құқықтық актілермен, Әлеуметтік әріптестік туралы Бас келісіммен, салалық тарифтік, аймақтық келісімдермен белгіленген.