Бүгін Солтүстік Қазақстан облысының кәсіподақтар орталығының Үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті, онда облыстың кәсіподақ ұйымдары өткен жылдың қорытындысын қарап, алдағы жұмыстың негізгі бағыттарын белгіледі.
Бастауыш кәсіподақ ұйымы жылы аясында өткізілген 2021 жыл бойы Кәсіподақтар орталығының барлық қызметі Кәсіподақтар федерациясы қызметінің 2020-2025 жылдарға арналған стратегиясында белгіленген міндеттерді жүзеге асыруға бағытталды.
Бүгінгі таңда облыста кәсіподақ мүшелерінің жалпы саны 65 мыңнан асатын 1257 бастауыш кәсіподақ ұйымы бар.
Солтүстік Қазақстан облысының кәсіподақтар орталығының төрағасы Ерік Нұрақаевтың айтуынша, 2021 жылы білім, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, мәдениет салаларында және мемлекеттік органдарда 1011 кәсіподақ мүшесі бар 26 бастауыш кәсіподақ ұйымы құрылған.
Өңірде әлеуметтік әріптестік өткен жылдың сәуір айында жасалған 2021-2023 жылдарға арналған үшжақты аймақтық келісім негізінде жүзеге асырылуда. Құжат кәсіподақ ұсыныстарының пакетін қамтыды.
«Әлеуметтік әріптестік институтының жұмысын талдай отырып, салалық келісімдер машина жасау, энергетика, ауыл шаруашылығы, теміржол көлігі, пошта байланысы, мемлекеттік органдар, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларындағы кәсіподақ ұйымдарын қамтитынын атап өткен жөн», – деді Ерік Нұрақаев.
Кәсіподақтардың бастамасымен өткен облыстық үшжақты комиссия отырыстары аясында өткен жылы бірқатар әлеуметтік-еңбек мәселелері қаралды.
«Солтүстік Қазақстан облысының кәсіподақтар орталығының бастамасымен әлеуметтік әріптестік жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның отырыстарында “Петропавл ауыр машина жасау зауыты” АҚ әлеуметтік-еңбек қатынастарының ахуалы, денсаулық сақтау және ауыл шаруашылығы ұйымдарында аймақтық салалық келісімдерді іске асыру мәселелері, жұмыс берушiлердiң қаражаты есебiнен бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерiнiң жарлық топтарын жыл сайынғы ақысыз медициналық тексеруден өткiзу және т.б. мәселелер қаралды», — дедi Кәсіподақтар орталығының төрағасы.
Оның айтуынша, еңбек қатынастары саласындағы әлеуметтік-экономикалық жағдай тұрақты деп сипатталады.
Кәсіподақтар орталығының мәліметінше, 2021 жылы облыс кәсіпорындарында 38 жазатайым оқиға орын алып, соның салдарынан 45 адам зардап шексе, оның 8-і өліммен аяқталды.
«Кәсіподақ бар кәсіпорындарда 13 жазатайым оқиға немесе жазатайым оқиғалардың жалпы санының 34,2 пайызы орын алды. Айта кету керек, 2020 жылмен салыстырғанда жазатайым оқиғалар мен зардап шеккендер саны азайған. Жұмыс орындарындағы еңбек қауіпсіздігі жағдайын жақсарту мақсатында 2021 жылғы 15 шілдедегі облыстық үшжақты комиссияның отырысында Солтүстік Қазақстан облысында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз етудің 2021-2023 жылдарға арналған «Қауіпсіз жұмыс» бағдарламасы бекітілді. Жұмыс тәжірибесіне еңбек дауларын бақылау және шешу жөніндегі жұмыс тобының отырыстарында жазатайым оқиғалар орын алған кәсіпорын басшыларының баяндамалары енгізілді», – деді Ерік Нұрақаев.
Кәсіподақтар орталығы мемлекеттік еңбек инспекциясымен бірлесіп, ұйымдардың, қауіпсіздік және еңбекті қорғау қызметтерінің, құрылымдық бөлімшелердің басшыларын, техникалық инспекторларды өзекті тақырыптық мәселелер бойынша оқытуға қатысады.
Кәсіподақ бар ұйымдарда тұрақты қоғамдық бақылауды 840 өндірістік кеңесте 985 техникалық инспектор жүзеге асырады.
Бұл ретте облыста ұжымдық шарттық реттеу жүйесінің әлеуметтік бағыты жоғары.
«Облыс бойынша 2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 5334 ұжымдық шарт жасалып, әрекет етуде, бұл жұмыс істеп тұрған 5543 кәсіпорынның 96,2 пайызын құрайды. Кәсіподақтар бар ұйымдарда ұжымдық шарттардың жасалуы 100 пайызды құрайды. Бұл келісімдер жоғары әлеуметтік құрамдастығымен ерекшеленеді және қолданыстағы заңнамамен салыстырғанда қызметкерлердің жағдайын айтарлықтай жақсартады», – деді спикер.
Оның айтуынша, «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен 25 кездесу өткізіліп, оған 1315 кәсіподақ мүшесі қатысты.
Кездесулер барысында кәсіподақ мүшелері еңбекақы, жалақы қарызы, денсаулық жәрдемақысын төлеу, еңбекке уақытша жарамсыздық, зейнетақы және т.б. өзекті мәселелерді көтерді.
Кәсіподақтар орталығының базасында Заң клиникасының филиалы құрылды, «Татуласу орталығы» және Қоғамдық қабылдау жұмыс істейді. Өткен жылы 625 азаматқа құқықтық көмек көрсетілген.
Кәсіподақтар орталығының жұмысында кәсіподақтық оқытуға ерекше көңіл бөлінеді. Өткен жылы Солтүстік Қазақстан облысының кәсіподақтар орталығы 1350 тыңдаушыны қамтыған 35 семинар өткізді.
«Федерацияның семинар-тренингтер өткізу туралы бастамасы тыңдаушылар арасында оң пікірлерді табуда. Қатысушылардың белсенділігі мұндай іс-шараларға сұраныстың жоғары екенін және кәсіподақ белсенділерінің жоғары қызығушылық танытқанын көрсетеді. Солтүстік Қазақстан облысының кәсіподақтар орталығының бас маманы Людмила Голенкова ҚРКФ лекторлық тобының мүшесі», – деді СҚО кәсіподақтар орталығының төрағасы.
Отырыс барысында Үйлестіру кеңесінің мүшелері кәсіподақтардың жұмысын дамыту мәселелері бойынша пікір алмасты. Заңнамаларды жетілдіру қажеттігі туралы ұсыныстарды «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және халыққа қызмет көрсету саласы қызметкерлерінің салалық кәсіподақ ұйымының төрағасы Темірғали Әбілмәжінов, білім және ғылым қызметкерлері салалық кәсіподақ ұйымының Солтүстік Қазақстан облыстық ұйымының төрағасы Берік Аюпов, «Солтүстік Қазақстан электр желілері компаниясы» АҚ кәсіподақ ұйымының төрайымы Елена Помогалова, Мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлері кәсіподағының филиалының төрайымы Күлжиян Касимова, Шал ақын аудандық кәсіподақтар Үйлестіру кеңесінің төрағасы Дулат Жарқымбаев айтып өтті.
Өңірдегі әлеуметтік-еңбек саласындағы жағдаймен танысқан ҚРКФ төрағасының орынбасары Гүлнар Жұмагелдиева Үйлестіру кеңесінің мүшелеріне Кәсіподақтар федерациясының еңбеккерлердің өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталған бастамалары туралы айтып берді.
Оның айтуынша, ҚРКФ төрағасының Республикалық үшжақты комиссия отырысында айтқан ұсыныстары, ең алдымен, халықтың табысын арттыру мәселелеріне қатысты.
«Ұжымдық еңбек шарттарын талдау ұжымдық шарттардың тек 10%-ы ғана индекстеу мәселесін қамтитынын көрсетті. Іс жүзінде кәсіподақтардың ұжымдық шартта бұл норманы қарастыру, сол арқылы жұмысшылардың мүдделерін қамтамасыз ету әрқашан мүмкін емес. Сондықтан Кәсіподақтар федерациясы әлеуметтік әріптестермен талқылау үшін бірқатар тиісті ұсыныстар берді», – деді Гүлнар Жұмагелдиева.
Төрағаның орынбасары сондай-ақ ең төменгі күнкөріс деңгейін реттеу, сақтандыру төлемдерін қамтамасыз ету, еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша жәрдемақы мөлшерін ұлғайту, ерекше еңбек жағдайында жұмыс істейтін қызметкерлердің зейнеткерлік жасын қысқарту, әлеуметтік әріптестікті дамыту, ХЕҰ конвенцияларын ратификациялау және еңбек және кәсіподақ заңнамасын жетілдіру бойынша ҚРКФ ұсынып отырған механизмдерге егжей-тегжейлі тоқталды.
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының медиа орталығы