Елордалық жас педагогтер халықаралық фестивальде бақтарын сынайды

“Әділет” кәсіподағының Ресей Федерациясы халықтық білім беру және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Мәскеу қалалық ұйымымен ынтымақтастық туралы меморандумы аясында кәсіподақ мүшелері болып табылатын елорда педагогтері өздерін халықаралық деңгейде көрсетуге мүмкіндік алады.

Осындай іс-шаралардың бірі – «Пікір алмас! Жасампаз бол! Игілігіңе жарат!». Фестивальдің мақсаты – жас педагог-кәсіподақ мүшелерінің ынтымақтастығын кеңейту. Фестивальге Ресей, Белоруссия, Болгария, Латвияның жас педагогтері қатысады.

“Әділет” кәсіподағының атынан жалпы білім беру мекемелерінен 50 жас педагог қатысуға ниет білдірді. Қазіргі уақытта қатысушылар шеберлік-класы мен зияткерлік ойындарға дайындалуда.

Фестиваль ZOOM платформасы арқылы 12 ақпанда Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 15:00-де өтеді.