«YNTYMAQ» кәсіпкерлік жұмыскерлерінің қазақстандық салалық кәсіптік одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі Түркістан облыстық филиалының құрамындағы «Манкент шипажайы» акционерлік қоғамында бастауыш кәсіподақ ұйымы комитетінің отырысы өтті.
Мәжіліс барысында еңбек ұжымына бастауыш кәсіподақ ұйымының жаңадан сайланған төрағасы Бекзат Азизов таныстырылып, кәсіподақ ұйымының 2022 жылға жұмыс жоспары талқыланды.
Кәсіподақ белсенділерінің жұмысты жандандыру туралы ұсыныс-пікірлері тыңдалып, жоспар жобасы бекітілді.
Сонымен қатар, мәжілістің күн тәртібінде алдында жасалған ұжымдық шарттың мерзімін ұзарту мәселесі де қаралып, шарттың мерзімін 3 жылға ұзарту туралы шешім қабылданды.
Айта кетерлігі, бүгінгі күні «Манкент шипажайы» АҚ бастауыш кәсіподақ ұйымының құрамында 224 кәсіподақ мүшесі бар. Оның ішінде 29 жасқа дейінгі жастар саны 19 құраса, ал 35 жасқа дейінгі қызметкерлер саны – 38. Кәсіподақ мүшелерінің ішіндегі жалпы әйелдер саны 156 құрайды. Сонымен қатар, осы еңбек ұжымында осы уақытқа дейін еңбек дауы тіркелмеген.