Павлодарда келісу комиссияларының мүшелері еңбек дауында консенсусқа қол жеткізуді үйренді

11 ақпанда Павлодар облысының Аумақтық кәсіподақтар бірлестігі «Богатырь Көмір» ЖШС кәсіпорындарының қызметкерлері – «Батыр Көмір» жергілікті кәсіподағы» ҚБ келісу комиссиясының мүшелері, «Сайга» ЖШС келісу комиссиясының мүшелері және «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ Павлодар облыстық филиалы үшін оқыту семинарын өткізді.
«Келісу комиссиясында жеке еңбек дауларын қарастыру» тақырыбындағы оқыту семинары шектеу шараларын ескере отырып, ZOOM платформасында онлайн түрде өтті.

Келісім комиссияларының мүшелері Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 159-бабына сәйкес Қазақстанның еңбек заңнамасын қолдану, келіссөздер жүргізу дағдыларын дамыту және еңбек дауларында консенсусқа қол жеткізу бойынша жыл сайынғы оқытудан өтуге міндетті.
Семинардың спикерлері: ҚР КФ Заң клиникасы филиалының және «Татуласу орталығы» татуластыру орталығының басшысы М. А. Иванова «Жеке еңбек дауларын қарастыру», «Келісу комиссиясының жұмысын құқықтық реттеу», «Еңбек заңнамасының өзекті мәселелері», «Еңбек дауларын шешуде медиацияны қолдану» тақырыптары бойынша; «Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ филиалының директоры А.А. Қапенова «Міндетті әлеуметтік сақтандыру – жұмыс істейтін халықты қорғау» тақырыбы бойынша лекция оқыды. Осындай мәселелерды Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Павлодар облысы бойынша филиалының халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау бөлімінің бастығы  А.А.Мұқатова, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы мәселелері жөніндегі сарапшы М.Т. Қабжәмитов; «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ Павлодар облыстық филиалының басшысы В. Ю. Питраков түсіндіріп өтті.

Семинардың теориялық бөлімінің қорытындысы бойынша қатысушылар еңбек заңнамасы бойынша кейс тапсырмаларын орындады.

«Жыл сайын Келісу комиссиясының мүшелерін оқытуды Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігі жүргізеді және оқудан өткені туралы сертификаттар береді, бұл сотқа жүгінбей еңбек дауларын дұрыс қарау үшін еңбек заңнамасы бойынша білім алудың жоғары деңгейіне кепілдік береді», – деп «Батыр Көмір» жергілікті кәсіподақ» ҚБ төрағасы С.Ю. Михайлюк алғысын білдірді.

«Павлодар облысының Кәсіподақ орталығы» АКБ Баспасөз қызметі