Мұғалімдерге қашықтықтан кеңес берілді

Павлодар облысы  аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің білім және ғылым саласы қызметкерлерінің мәселелеріне арналған «Мобильді консультациялық пункт» жобасы аясында «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы» ҚБ кәсіподақ мүшелерінің сауалдарына «Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті» РММ басшысы Е.Губарев, «Мемлекеттік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Павлодар облысы бойынша филиалының халықты ақпараттандыру бөлімінің басшысы А.Мұқатова, «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ Павлодар филиалының директоры В.Питраков, «Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ филиалының директоры А.Қапенова, Павлодар қалалық сотының судьясы В.Шевченко, Павлодар облысы бойынша ҚРКФ Заң клиникасы филиалының басшысы М.Иванова жауап берді.

Кездесуге 230-ден астам білім саласы қызметкерлері қатысты.  Мобильді кеңес беру пунктінің спикерлері «Қазақстан Республикасының азаматтарын зейнетақымен қамсыздандыру туралы», «Азаматтардың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысуы», «Міндетті әлеуметтік сақтандыру – жұмыс істейтін халықты қорғау», «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы аударымдарының құқықтық режимі», «Азаматтық іс жүргізу заңнамасының новеллалары туралы», «Қазақстан Республикасының заңнамасына енгізілген өзгерістер туралы» тақырыптарда дәрістер оқыды.

Еңбек ұжымдарының жұмыскерлерін қолданыстағы заңнамадағы өзгерістер туралы хабардар ету және оларға тікелей жұмыс орындарында консультация беру Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің Еңбек адамы құқықтарын қорғау мүддесінде қолданатын түсіндіру-ақпараттық жұмысының тиімді үлгісі болды.