«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС техникалық инспекторларының кеңесі өткізілді

«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС-де қауіпсіз және лайықты еңбек жағдайларын жасауға ерекше назар аударылады.

Дүниежүзілік әлеуметтік әділеттілік күніне орай «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторларының кеңесі өткізілді.

Кеңесте өткен 2021 жылдың қорытындылары шығарылып, 2022 жылға арналған жаңа мақсаттар мен міндеттер қойылды.

Станцияда еңбекті қорғау бойынша 17 техникалық инспектор жұмыс істейді, 2021 жылы 432 тексеру жүргізілді, 600 заңбұзушылық анықталды. Барлық бұзушылықтар уақтылы жойылды. Барлық құрылымдық бөлімшелерде техникалық инспекторлар еңбекті қорғау бойынша үлкен профилактикалық жұмыстар жүргізеді, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша білімді тексеру жөніндегі біліктілік комиссиясының отырысына қатысады, қауіпсіздік техникасы күнін өткізуге белсенді қатысады. Техникалық инспекторлардың жұмысы 2021 жылы жазатайым оқиғалардың болмауымен қорытындылады.

Кәсіподақ комитеті жыл сайын техникалық инспекторлардың жұмысына талдау жасайды және жыл қорытындысы бойынша цехтың еңбекті қорғау жөніндегі үздік инспекторын марапаттайды. 2021 жылы еңбекті қорғау жөніндегі ең үздік инспектор болып ЭРОО цехының еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторы А.Титаренко атанды.