«Еңбек дауын татуластыру рәсімдері арқылы шешуге болады және қажет!» – деп санайды Павлодар облысы Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің «Татуласу орталығында».
2022 жылғы 21 ақпанда Татуластыру орталығында кәсіби медиатор М.Иванованың қатысуымен Медиация туралы келісімге қол қойылды.
Тараптар, жұмыс беруші мен қызметкер пайдаланылмаған еңбек демалысы, үстеме жұмыстар мен демалыс күндеріндегі жұмыстар үшін қызметкер талап ететін өтемақы мөлшері, моральдық зиянды өтеу белгіленген мөлшерде жүргізілетіні туралы келісті, бұл ретте қызметкер кәсіпорын берешегінің негізгі бөлігін Медиация туралы келісімге қол қойылған күні алды, ал кейінгі төлемдерді Тараптар бекіткен кесте бойынша бөліп алатын болады.
Кәсіподақтардың татуластыру орталығында медиация туралы келісім жасасу еңбек шартының екі тарапына да теріс әсер ететін ұзаққа созылған еңбек қақтығысын тоқтатуға мүмкіндік берді.