Құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Қарағанды облыстық филиалы Атқару комитетінің отырысы барлық бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағаларының қатысуымен өтті.
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы жариялаған әлеуметтік әріптестік жылы аясында жұмысшылар, жұмыс берушілер және мемлекеттік органдар арасындағы өзара қарым-қатынастардың тиімділігін арттыру мақсатында филиалдың Атқару комитетінің отырысы құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің Салалық кәсіподағының Қарағанды облыстық филиалы және «Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қоюдан басталды. Құжат Қарағанды облысының құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының қызметкерлері үшін тең құқықты ынтымақтастыққа негізделген еңбек және әлеуметтік-экономикалық қатынастарды реттеу мәселелері бойынша олардың мүдделерін қамтамасыз етуге және келісуге бағытталған.
Меморандумға Құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлері Салалық кәсіподағының Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Айқын Ахметов және «Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ басшысы Ұлантай Үсенов қол қойды.
Айқын Диханұлы Атқару комитетінің мүшелерін 2021 жылғы жұмыс нәтижелері туралы хабардар етіп, бастауыш кәсіподақ ұйымы жылында облыстық Салалық кәсіподақтың жұмысы еңбек ұжымдарымен «кері» байланыс жүйесін құруға және бастауыш кәсіподақ ұйымдарына қолдау көрсетуге бағытталғанын атап өтті.
Барлығы облыстың салалық кәсіподағының құрамына саны 3000-нан асатын 16 бастауыш кәсіподақ ұйымы кіреді, оның ішінде есепті кезеңде саны 300 адамнан асатын 4 жаңа бастауыш кәсіподақ ұйымы құрылды. Мүшелік ұйымдар 10 ұжымдық шарт жасасты.
Кәсіподақ мүшелерімен тікелей байланыс орнату және өзекті мәселелерге жедел әрекет ету, жұмыс берушілермен және мемлекеттік ұйымдармен әлеуметтік әріптестік шеңберінде оларды шешу жолдарын іздеу үшін жыл басынан «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы іске асырылды. Осы акция аясында бастауыш ұйымдарда 20-дан астам кездесу ұйымдастырылды, оның ішінде «Қарағанды Су» ЖШС-де Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталиннің қатысуымен өтті.
Қызметкерлердің мүдделерін нақты белгілеу, сондай-ақ жалақыны индекстеуді көрсету қажет болатын ең төменгі кепілдіктерден жоғары ұжымдық шарттарда қызметкерлердің әлеуметтік кепілдіктеріне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, облыстың Салалық кәсіподақ ұйымдарының әлеуметтік-еңбек қатынастарын ұжымдық-шарттық реттеу жүйесімен қамтылуын кеңейту бойынша жұмыстар тұрақты негізде жүргізіледі.
«Тәжірибе көрсеткендей, еңбек дауларының пайда болуының негізгі себебі – жұмыс берушілердің жекелеген өкілдерінің де, жұмысшылардың да еңбек заңнамасының нормаларын білмеуі немесе нашар білуі.
Осыған байланысты, жұмыс берушілер мен қызметкерлердің назарын Қазақстан Республикасының жаңа Еңбек кодексіне және оған 2021 жылғы өзгерістерге сәйкес жеке еңбек дауларын қарау ерекшеліктеріне аударамыз», – деп атап өтті Айқын Ахметов.
Атқару комитеті отырысының жалғасында кәсіпорындардағы әлеуметтік шиеленіс бойынша тәуекелдер картасы әзірленді, онда жұмыс беруші тарапынан да, «КарЦемент» АҚ және «ЦентрАзияЦемент» АҚ кіретін кәсіподақтар тарапынан да бірлескен бағалау мен шешімді талап ететін еңбек ұжымдарының өзекті мәселелері көрсетілген.
Бұл бастама ұжымдағы еңбек дауларын жедел түрде әлеуметтік әріптестік алаңына шығару және шешу арқылы болдырмауға мүмкіндік берді.
Салалық кәсіподақтың облыстық филиалының мәліметінше, өткен жылы өңірде құрылыс және ТКШ саласында 20 жазатайым оқиға орын алған, оның 7-і ауыр нәтижемен аяқталған.
Қарағанды облысының салалық кәсіподағының ұйымдары мен кәсіпорындарында 12 өндірістік кеңес жұмыс істейді, онда 48 еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспектор жұмыс істейді.
Әлеуметтік әріптестік аясында «2021-2023 жылдарға арналған Қарағанды облысында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету бойынша Қауіпсіз еңбек» өңірлік бағдарламасы бекітілді, онда облыстың 3 ірі кәсіпорны еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша халықаралық және ұлттық стандарттарды енгізді («КарЦемент» АҚ, «ЦентрАзияЦемент» АҚ, «Қарағанды Су» ЖШС).
Отырыста құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің Салалық кәсіподағының Қарағанды облыстық филиалының орынбасары Светлана Бейсембаева баяндама жасап, Атқару комитетінің мүшелері мен шақырылғандарға 2022 жылға арналған қызметтің міндеттері мен мақсаттары белгіленген ағымдағы кезеңге арналған жұмыс жоспарын жеткізді.
Кәсіподақ диалогына «Қарағанды Су» ЖШС бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Гүлнара Шахарбаева, «КЗМК – Имсталькон» ЖШС бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Юрий Петровский, «Карцемент» АҚ бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Татьяна Мосунова қатысты. Облыстық филиалдың Атқару комитетінің мүшелері кәсіподақ қозғалысының дамуы туралы өз ойларымен бөлісті, әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу және жаңа бастауыш кәсіподақ ұйымдарын құру үшін белгілі бір жағдай туғызатын алғышарттарды айтты.
Атқару комитетінің отырысын қорытындылай келе, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің Салалық кәсіподағының Қарағанды облыстық филиалы жұмысының оң нәтижелерін атап өтіп, әлеуметтік әріптестік аясында алдағы кезеңге арналған бірқатар басым міндеттерді белгіледі.