23 ақпанда ҚР Кәсіподақтар Федерациясы төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешевтің қатысуымен Атырау облысы Кәсіподақтар бірлестігінің Үйлестіру кеңесі өткізілді.
Жиынның ашылуында сөз сөйлеген Атырау облысы Кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Ізтұрған Баймұханов Үйлестіру кеңесінің есептік отырысына салалық кәсіподақтардың төрағалары, облыстық филиалдардың төрағалары, мүшелері және Атырау облысындағы бастауыш кәсіподақ ұйымдарының және түрлі мекемелердің басшылары мен жұмысшылары қатысып отырғанын атап өтті.
Атырау облысы Кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Еділ Ұзақбай 2021 жылы атқарылған қызмет туралы баяндама жасады.
Оның айтуынша, Атырау облысында 90 мыңға жуық кәсіподақ мүшесін біріктіретін 669 бастауыш кәсіподақ ұйымы бар. Есеп беру кезеңінде әлеуметтік әріптестік аясында облыстық үшжақты комиссияның 19 отырысы өткізілген. Кәсіподақтар бірлестігінің ұсынысымен күн тәртібіне 15 мәселе шығарылып, қаралған.
Еділ Ұзақбайдың атап өтуінше, барлық сұрақтар бойынша еңбекшілер пайдасына сәйкес толық орындалған хаттамалық шешімдер қабылданған. Былтыр Кәсіподақ орталығы 75 мекемеде жұмысшылар тарапы мен жұмысберушілер арасындағы келіссөздерге қатысқан.
«Атырау облысында 90 мыңға жуық кәсіподақ мүшесін біріктіретін 669 бастауыш кәсіподақ ұйымына үнемі бақылау жүргізіліп отырады, тиісті іс-әрекеттер арқылы 208 мектепте республикалық бюджеттен жалақыға қосылатын 2,3 млрд теңге үстемеақының уақтылы төленбеуіне қатысты мәселе шешімін тауып, 3 денсаулық сақтау мекемесінде сауықтыру төлемінің берілмеуі мәселесі шешіліп, мұнай-газ саласының 14 кәсіпорнында жұмысшылардың жалақы мөлшерін көтеру, еңбек жағдайын жақсарту, жұмысшыларды вакциналау мәселелері бойынша шешімдер қабылданды», – деді Кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары.
Жыл қорытындысында жарияланған мәлімет бойынша, облыстық тәуекелдер картасына 50 мекеме мен кәсіпорын кірген. Осы еңбек шиеленістері туындаған 9 кәсіпорында салалық кәсіподақтардың бастауыш ұйымдары бар, дейді Еділ Ұзақбай.
Оның айтуынша, 44 кәсіпорын мен мекемеде көтерілген мәселе бойынша еңбеккерлер пайдасына шешім қабылданып, қалған алтауында осындай жұмыс жүргізіліп жатыр.
Аталмыш мәселелердің дені – жалақы бойынша берешек, жалақы көлемін өсіру, еңбекке ақы төлеу жүйесімен келіспеу және санаттарды көтеруді талап ету секілді мәселелер.
Атыраулық кәсіподақ белсенділері өндірістегі қауіпсіздікке назар аударды. Атырау облысында ресми статистика бойынша былтыр 49 жазатайым оқиға тіркелген. Онда 51 жұмысшы зардап шеккен, оның бесеуі қайтыс болған. Қазіргі уақытта әлеуметтік серіктестіктер өңірдегі кәсіпорындарда өндірістік травматизмге жол бермеу жөніндегі іс-шараларды қабылдап жатыр.
Спикердің айтуынша, атыраулық кәсіподақтар еңбеккерлердің құқығы мен мүддесін қорғауда белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. Былтыр кәсіподақтың қатардағы мүшелерінен 1 902 құқықтық кеңес сұралған. Олардың барлығына көмек көрсетілді. Сонымен қатар кәсіподақ орталығы өкілдері еңбеккер мүддесін қорғау үшін екі сот отырысына қатысып, екеуі де кәсіподақ мүшесі пайдасына шешілген.
Еділ Ұзақбайдың айтуынша, Атырау облысы кәсіподақтар бірлестігінің алдағы жылдағы жоспарына сәйкес, еңбек ұжымдарымен кездесу «Қалың қалай бастауыш ұйымы?» ҚР КФ республикалық акциясы бойынша жалғасады, сондай-ақ өңірде жұмысберушілер мен мемлекеттік органдар өкілдерімен кездесу – әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуы шаралары жоспарланған.
Өз кезегінде «Қазақстандық мұнай-газ салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі төрағасы Елена Мустафина өңірде әлеуметтік серіктестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық үшжақты комиссия жұмыс істейтінін жеткізді.
«15 ақпанда біз әлеуметтік серіктестер – Энергетика министрлігі және жұмысберушілермен бірлесіп салалық үшжақты комиссия отырысын өткіздік. Онда тәуекелдер картасына кіретін кәсіпорындағы еңбек дауларының алдын алу мәселелерін қарастырдық. Басты мәселе – мұнай-газ саласы жұмысшыларының жалақысын көтеру. Осы кәсіпорындарды тұрақтылықты сақтау үшін бастапқы әрекет етуге қатысты іс-шаралар қабылданды», – деді Елена Мұстафина.
Жиында «Химия, мұнай-химия және өнеркәсіптің туыстас салалары жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Керімқұл Пірімқұлұлы әріптестерінің назарын өңірдегі кәсіпорындардағы еңбеккерлерді кәсіподақ мүшелігіне тарту жайына аударды.
«Өңірдегі 10 мың кәсіпорынның 669-ында ғана бастауыш кәсіподақ ұйымыы жұмыс істейді. Бұл кәсіподақ белсенділері алдында ауқымды жұмыс тұрғанын көрсетеді. Кәсіподақ мүшелерінің санын арттыру керек. Кәсіпорын жұмысшылары кәсіподаққа біріксе еңбек құқықтарын тиімді қорғап, жұмысберушімен ұжым болып келіссөз жүргізе алады», – деді К. Пірімқұлұлы.
Мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Атырау облыстық филиалының төрағасы Гүлнәр Шайхашева осы саладағы еңбекшілердің әлеуметтік жағдайына қатысты сұрақтар бар екенін айтып өтті. Оған қосылған Д.Нұрпейісов атындағы Академиялық халық аспаптар оркестрінің басшысы, Индер ауданы БЖСМ бастауыш ұйымының төрағасы Сағынтай Көпжасаров мәдениет саласы қызметкерінің жалақысы 2016 жылдан бері өзгермегенін жеткізді.
SENIM денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы филиалы төрағасы Майра Кашкенова медицина қызметкерлеріне төлем жүргізу мәселесін көтерді.
«Пандемия кезінде өзекті «психо-эмоциялық жүктеме төлемі» деген түсінік бар. Біздің ойымызша жедел жәрдем жүргізушісі оны толық көлемде алуы қажет. Бұл мәселеге әлеуметтік серіктестіктер назары аударуы тиіс», – деді М. Кашкенова.
Жиынды қорытындылаған ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешев, Атырау облысы кәсіподақ белсенділеріне ашық диалог өткізгені үшін алғыс айтты. Оның айтуынша, жиында көтерілген мәселелер министрліктер мен ведомстволарға берілетін әлеуметтік серіктестіктер туралы кешенді ұсыныстарда қамтылады.
«Біз өңірлерде үйлестіру кеңесінің мүшелерімен ұдайы кездесіп отырамыз. Осындай кездесулер мәселені біліп жүруге мүмкіндік береді. Мәселені бірлесе талқылай отырып, сіздерден келетін сұрақтардың барлығын жүйелейміз және Үкіметтегі әлеуметтік серіктестерге оның шешу жолдарын ұсынамыз», – деді Нұрлан Өтешев.
Оның айтуынша, Кәсіподақтар федерациясы қазіргі уақытта Дүниежүзілік еңбек ұйымы конвенциясын ратификациялау мәселесі бойынша жұмыс істеп жатыр. Оның нормасына сәйкес ең төменгі жалақы орташа айлық жалақының 50 пайызынан төмен болмауы тиіс. Сонымен қатар ҚР КФ өкілдері – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмысшы тобының мүшелері еңбек және кәсіподақ заңнамасын тұрақты түрде жетілдіру үшін жұмыс істеп жатыр.
Нұрлан Өтешев Кәсіподақтар федерациясына мүше ұйымдар жұмысында федерацияның 26-шы съезінде қабылданған 2020-2025 жылдарға арналған стратегияны басшылыққа алатын еске салды.
«Съезде қабылданған «Әділеттілік пен дамуға – бірлікте» атты бас ұран қазір өте өзекті. Атыраулық кәсіподақтар ҚР КФ-ның екі миллиондай мүшесі сіздердің қолдаушыларыңыз екенін ұмытпаған жөн. Бірлесе отырып, біз кәсіпорын мен мекемелердегі еңбекші мәселелеріннің шешілуіне ықпал ете аламыз», – деді Нұрлан Өтешев.
ҚР Кәсіподақтар федерациясы медиаораталығы