Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Марат Бәйімбетов: “КазПетролГрупп” компаниясынан жұмыстан босатылған 12 жұмыскердің еңбек құқықтарын қорғау барысы тәжірибесімен кәсіпорындардағы еңбек шарттарының жұмыскерлердің жағдайын нашарлататын нормаларды қамтымауы бойынша талдау жүргізу қажеттілігі айқындалды.
Біз кәсіподақ ұйымы бар кәсіпорын, мекемелерде бұл жұмысты жүргізетін боламыз. Сонымен қатар, Облыстық кәсіподақтар орталығында тек кәсіподақ мүшелеріне ғана емес, еңбек қатынастары мәселелері бойынша барлық азаматтарға құқықтық кеңес береміз. Орталықта Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының өңірлік Заң клиникасы жұмыс атқарады”.