БҚО-да білім қызметкерлері кәсіподағында бастауыш кәсіподақ ұйымдарының саны артуда

23 ақпанда Батыс Қазақстан облыстық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының бас маман – ұйымдастырушысы Марина Темірғалиева мен заңгер Гүлжанат Құрманғазиева және Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы, Орал қалалық комитеті – филиалының төрағасы Төлеген Темешев №9 «Еркемай» бөбекжайында болып, ұжыммен кездесті.

Ұжымда 40 қызметкер жұмыс істейді. Жиналысты балабақша директоры  Дария Ихсанова ашып, Батыс Қазақстан облыстық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының бас маман – ұйымдастырушысы Марина Темірғалиева сөз сөйлеп, мектеп ұжымына кәсіподақтың күшінің маңыздылығын, ұстаздың қоғамдағы атқаратын рөлі туралы ақпаратпен бөлісіп, жиынға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым  қызметкерлері кәсіптік одағы, Орал қалалық комитеті – филиалының төрағасы Төлеген Темешевпен заңгер Гүлжанат Құрманғазиева  ҚР заңнамаларында болып жатқан өзгерістермен таныстырды. Қызметкерлер шағын орталықтың жұмыс ерекшелігіне қатысты сұрақтар қойып, оған толыққанды жауаптарын алды.

Аталған балабақша және Орал қаласының бірқатар балабақша кешендері кәсіподақ ұйымына кіруге ниетті.