Мұнайшылардың жалақылары елу пайызға көтерілді

Қызылордада «СНПС-АйДанМұнай» акционерлік қоғамының вахталық жұмыскерлерінде жалақы елу пайызға көтерілді. Өткен жылдан басталған ұжымдық еңбек дауында олар жұмыс берушіден жалақыны жетпіс бес пайызға көтеруді талап еткен болатын.

Ұжымдағы еңбек ахуалын тұрақтандыру және еңбек дауын келіссөздер алаңында қарауда Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігі әлеуметтік әріптестерімен бірлесе жұмыс атқарды.

24 ақпанда компания басшылығы аталмыш мәселе бойынша жұмыскерлердің жалақысын көтеру туралы бұйрыққа қол қойды. Жұмыс берушінің актісінде 2022 жылдың 1 ақпанынан бастап жалақыны вахталық жұмыскерлерге елу пайызға, кеңсе қызметкерлеріне отыз, қаладағы кеңсе жұмыскерлеріне қырық, басшы құрамға он пайызға көтеру туралы шешім етілген.

Қойылған талаптары бойынша жұмыскерлер компания басшылығының осы шешімімен толықтай келісіп, өз жұмыстарын қазірде тұрақты жалғастыруда.