«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облыстық филиалы 2021 жылды қорытындылады.
“SENIM” Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы” РҚБ БҚОФ бастауыш кәсіподақ ұйымдары төрағаларының қатысуымен онлайн кеңес өткізіп, төраға М.Құсаинов қатысушылар алдында 2021 жылы атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.
Аталған жиналыста 2022 жыл “Әлеуметтік әріптестік жылы” және “Балалар жылы” деп жарияланғаны туралы мағлұмат берілді. Сондай-ақ, кеңесте “SENIM” Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы” РҚБ мүшелерін санаторлық-курорттық емдеу туралы жаңадан бекітілген ереже, статистикалық және қаржылық есептілік бойынша мәселелер талқыланды.
Сонымен қатар, “SENIM” БҚОФ төрағасы М.Құсаинов бірқатар бастауыш кәсіподақ ұйымдарының есептерімен танысып, жұмыс жоспарларын нақтылады. Оның ішінде, ШЖҚ “Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы” МКК кәсіподақ ұжымының есеп беру-қайта сайлау жиналысына қатысты. Жиында бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы С.Кабдушева 2021 жылы атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.