Бастауыш кәсіподақ ұйымдарында жұмыспен қамту және әлеуметтік әділеттілік мәселелері талқыланды

Дүниежүзілік әлеуметтік әділеттілік күніне орай «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ Павлодар облыстық филиалының бастауыш кәсіподақ ұйымдарында 2022 жылғы 21-25 ақпан аралығында «Ресми жұмыспен қамту арқылы әлеуметтік әділдікке қол жеткізу» ұранымен іс-шаралар өтті.

Жергілікті жерлерде бастауыш ұйымдардың кәсіподақ комитеттері қызметкерлердің еңбек құқықтарының сақталуын тексеруге, жұмыс орындарының сақталуына, қауіпсіз және қолайлы еңбек жағдайларын жасауға, жұмыспен қамту арқылы әлеуметтік әділдікті нығайту мәселелеріне, жұмыс орнындағы құқықтардың сақталуына, Дүниежүзілік әлеуметтік әділеттілік күнінің рөлі мен мәніне ерекше назар аударды.

«Облыстық балалар психоневрологиялық арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ кәсіподақ мүшелерінің кездесуінде адамдарды толық жұмыспен және лайықты жұмыспен қамтамасыз ету, ерлер мен әйелдердің тең құқылығы, барлық адамдар үшін әлеуметтік әл-ауқат пен әлеуметтік әділдікке қол жеткізу мәселелері қамтылды.

Дүниежүзілік әлеуметтік әділеттілік күніне арналған іс-шараларды өткізу әрбір еңбек ұжымында қызметкерлердің еңбек құқықтарының сақталуын тексеруге, жұмыс орындарын сақтауға, қауіпсіз және ыңғайлы еңбек жағдайларын жасауға ерекше назар аударуға мүмкіндік берді.