Бүгін Бакуде «Тұрақты даму мақсаттарына қолжеткізу, тұрақты даму мен лайықты еңбекті қолдау» тақырыбында халықаралық конференция өтуде.
Халықаралық форум Халықаралық Еңбек Ұйымы (ILO) аясында Әзірбайжанның Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің, Әзірбайжан Кәсіподақтар конфедерациясының, Әзірбайжанның Ұлттық кәсіпкерлер (жұмыс берушілер) конфедерациясының бірігіп ұйымдастыруымен өтуде.
Халықаралық конференция жұмысына Халықаралық Еңбек Ұйымының Бас хатшысы Гай Райдер қатысуда. Сондай-ақ, конференцияға халықаралық ұйымдардың, жеке елдердің, кәсіподақтардың және жұмыс берушілер ұйымдарының жоғары қызметтегі өкілдері қатысуда.
Қазақстан атынан форумда ҚР Кәсіподақтар федерациясының Төрағасы Бақытжан Әбдірайым және «Қазақстандық мұнай-газ кешенінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ төрағасы Сұлтан Қалиев өкілдік етуде.
Конференция аясында «Еңбектің жарқын келешегі» тақырыбында пленарлық отырыс өтті және «Экспо-2025» көрмесіне Баку қаласының кандидатурасының көрсетілімі болды.