«Білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы» ҚБ жастар кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Күн тәртібінде облыстық жастар кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу, 2022 жылға арналған «Жас ұстаз» жол картасын бекіту және Шарбақты ауданының білім беру қызметкерлерінің бастауыш кәсіподақ ұйымдарында жастар саясаты мәселелері бойынша ұжымдық шарттардың орындалуы туралы мәселелер көтерілді.
Отырысқа «Білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы» ҚБ төрайымы Г.Науразбаева, облыстық, қалалық, аудандық жастар кеңестерінің төрағалары қатысты.
Кәсіподақ жанындағы Жастар кеңесінің жұмыс жоспары бойынша облыстық жастар кеңесінің белсенді мүшелері А.Әбілдинова, Д.Карпеченко, А.Серікбаев, М.Серғалина өз ұсыныстарын айтты және талқылады.
Шарбақты ауданының білім беру қызметкерлерінің бастауыш кәсіподақ ұйымдарында жастар саясаты мәселелері бойынша ұжымдық шарттардың орындалуы туралы Шарбақты ауданының Жастар кеңесінің төрайымы А.Смаилова сөз сөйледі, ол ауданның барлық білім беру мекемелеріндегі ұжымдық шарттарда талапқа сәйкес жастар саясатын жүргізу бағыттары жарияланғанын атап өтті.
