Ұстаздардың еңбегі еленді

Атырау облыстық Кәсіподақтар үйінде “Әлемді әлдилеген аналар” тақырыбында«Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі Атырау қалалық комитеті филиалының ұйымдастыруымен Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған шара өтті.

Салтанатты жиынның ашылуында қалалық филиалдың төрағасы Бағытжан Мусағали құттықтау сөз сөйлеп, қалалық кәсіподақ ұйымының жұмысындағы оң өзгерістерге қысқаша тоқтала кетіп, биылғы жылы жүзеге асырар міндеттерді баяндады.

Жиында келесі сөз алған облыстық салалық ұйымның төрағасы Қылышбай Сүндетұлы пандемия індетіне байланысты туындаған төтенше жағдай кезінде қажырлы еңбек еткен барша білім беру мекемелерінің қызметкерлеріне өзінің ризашылық сезімін білдіріп, алғыс айтты.

Мерекелік шараға қатысқан 50 кәсіподақ белсендісіне қалалық кәсіподақ ұйым атынан Құрмет грамоталары мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Мерекелік шара соңы көркемөнерпаздардың көңілді концертіне ұласты.