«Түркістан облысының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлі мен «ЕуроАзиялық медиация орталығы» қоғамдық бірлестігінің директоры Лаура Ақшегірова өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Келісім шеңберінде тараптар сотта, сотқа дейінгі және соттан тыс жанжалдарды реттеуде, соның ішінде медиацияны дамыту және дауды (жанжалдарды) шешудің басқа да баламалы әдістерін дамытуды реттеу бойынша өзара ынтымақтастық жасайды.
Меморандумның қолданылу мерзімі ынтымақтастықтың жаңа бағыттары бойынша үш жылға көзделген.
Сонымен қатар, тараптар алдағы уақытта ынтымақтастықты нығайтуға және оның тимділігін арттыруға, еңбек заңнамасының аясында еңбек дауларын алдын-алу мақсатында бірлескен шаралар қабылдауға келісті.
