“Еңбек шартын бекітіңіздер!”

Қызылорда облысында әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық үшжақты комиссияның кезекті отырысы өтті.

Отырыс барысында «Еңбек шартын бекітіңіздер!» акциясын жариялау, құрылыс саласындағы еңбек қатынастарын реттеу мәселесі, қала бойынша мекемелер мен кәсіпорындарда жалақыдан қарыздардың өтелуі және қызметкерлердің жұмыс орнынан қысқартылуы жайлы мәселе қаралды.

Сонымен қатар, қала мекемелері мен кәсіпорындарында кәсіподақ ұйымдарын құру бойынша жұмыстары барысы ортаға салынып, талқыланды.