Көктемнің шуақты мерекесі 8 наурыз – халықаралық әйелдер күнінде мәдениет және спорт саласының бір топ үздік қызметкерлеріне салалық кәсіподақтың Ақтөбе филиалы ерекше құрмет көрсетті.
Салтанатты шарағада жиынға қатысушыларда Ақтөбе облыстық кәсіподақтар орталығы аумақтық бірлестігінің төрағасы Асхат Көбенов пен «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт және ақпарат » қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Ақтөбе облыстық филилалының төрайымы Назира Табелдинова құттықтап, жүрекжарды лебізін білдірді.
Бастауыш кәсіподақ ұйымдарынан облыс бойынша барлығы 115 адам марапатталды. Соның 36-ы аудандардағы бастауыш ұйым мүшелері.
«Сіздерді 8 наурыз төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтап, денсаулық, бақыт, қуаныш тілеймін! Әрқашан мына өмірге сән беріп, жылу таратып, мейірім төгіп жүрген жүрген жүздеріңізден күлкі кетпесін. Отбастарыңыз аман болсын»,- деді кәсіподақ жетекшісі.
Мерекелік шара соңы танымал әнші Қоянбай Тобағабыловтың орындауындағы әнге ұласты.