Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Павлодар облыстық ұйымының кеңесі мен Атқару Комитетінің отырыстарында бірлестіктің 2021 жылғы жұмыс қорытындылары қаралды және ұйымның 2022 жылғы даму перспективалары белгіленді.
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы 2022 жылды – Әлеуметтік әріптестік жылы деп жариялаған білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің мүдделерін білдіру және қорғау мәселелерінде әріптестік қатынастарды одан әрі жетілдіру бойынша кәсіподақ пен білім беру атқарушы органдарының алдына үлкен міндеттер қояды.
Кеңес отырысында салалық келісім шеңберінде қызметкерлердің заңды мүдделерін қорғау бойынша өзара әріптестіктің нәтижелері туралы есеп ұсынылды. Сондай-ақ, кәсіподақ бюджетін жұмсау бойынша өткен жылдың қаржылық қорытындылары шығарылып, 2022 жылға арналған бюджет бекітілді.
Облыстық кәсіподақ ұйымының Атқару комитеті кәсіподақ мүшелігінің статистикалық қорытындыларын қарады. Облыстық кәсіподақ ұйымы мүшелері санының аздап төмендеуі білім беру саласындағы қайта ұйымдастыру процестерімен, ауылдық білім беру мекемелерінің аудандық бюджеттерден облыстық бюджетке өтуімен байланысты болды.
Дегенмен, кәсіподақ мүшелігін ынталандыру кәсіподақ органдарының қызметін күшейтуді, жұмыс нысандары мен әдістерін кеңейтуді, кәсіподақ мүшелерін толғандыратын мәселелерді шешуге жеке көзқарасты талап етеді.
Атқару комитетінде Аққулы ауданының білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының жарғылық қаржылық міндеттемелерін орындауы туралы талдамалы анықтама тыңдалды, облыстық кәсіподақ ұйымының 2022 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді, «Еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспектор» облыстық конкурсын өткізу туралы шешім қабылданды.
Облыстық кәсіподақ ұйымының кеңесі мен Атқару комитеті жұмысының жағымды қорытындысы үздік кәсіподақ көшбасшыларына Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» белгісін, білім және ғылым қызметкерлерінің салалық және облыстық кәсіподақтарының Құрмет грамоталарын тапсыру болды.