Еңбегімен еленген нәзік жандар

«Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№4 арнаулы қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің кәсіподақ ұйымының мүшелерімен кездесті.


Мекемеде 37 адам жұмыс жасаса, оның 25-і – әйелдер немесе 68%-і.

Мекемеде жұмыс беруші мен жұмыскерлер атынан кәсіподақ арасында 5 жылға, яғни 2022-2026 жылдарға арналған әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттейтін құқықтық акті – Ұжымдық шарт қабылданған.

Кездесудің жалғасы «8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні» мерекесіне арналған салтанатты іс-шараға – «Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды» атты концерттік бағдарламаға ұласып, орталықтың басшысы А.Досбаева, «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық фмлмалының төрағасы С.Әуесханов және мекеменің кәсіподақ комитетінің төрағайымы Ж.Қарымсақова құттықтау сөз сөйлеп, ұжым мүшелеріне наградалар мен сыйлықтарды және гүл шоқтарын табыстады.

Атап айтқанда, филиалдың «Құрмет грамотасымен» Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№4 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мейірбикесі  Ләззат Жұмакұлова, мекеменің санитары Сабира Төлендиева, мекеменің мейірбикесі  Әсия Әбдірәсілова және «Алғыс хатпен» мекеменің еңбек терапиясы  Дильноза Аширбай, мекеменің бас бухгалтері Зинаида Жақашева, мекеменің мейірбикесі  Айгерім Өтебаева марапатталды.