«Қызмет» салалық кәсіподағының Шымкент қалалық филиалында 46 мекеменің бастауыш кәсіподақ ұйымдары және олардың құрамында 3000-нан аса адам кәсіподақ мүшелері бар. Атап айтқанда, 5 қалалық, аудандық әкімдік, 10 қалалық департамент, 10 қалалық басқарма, 21 басқарма бағынысындағы және салалардағы мекемелер, сондай-ақ қалалық Полиция департаментінің азаматтық қызметкерлерінен тұратын кәсіподақ ұйымы бар.
Бұл мекемелердегі кәсіподақ ұйымдарында жалпы 3028 жұмыскердің 1847-і әйелдер немесе ол 61,1% құрайды. Сондай-ақ, 46 бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағаларының ішінді әйел-қыздары немесе төрайымдары 28 адам немесе ол 61% құрайды.
Олардың ішінде, еңбек өтілі жоғары, еңбек қатынастары саласына және кәсіподақ қозғалысына белсенді үлес қосып жүрген 11 бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы және 2 филиалдың қызметкері «8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне» арналған салтанатты іс-шараға қатысты.
Аталған іс-шарада «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев, «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов және Еңбекші аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Жарқын Қарабаев нәзік жандыларды «8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні» мерекесімен құттықтап, оларға арнайы дайындалған сыйлықтар мен гүл шоқтары табысталды.
Атап айтқанда, «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Түркістан облыстық филиалының төрайымы Кулдар Есебаева, «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының бас есепшісі Гүлжан Керімбекова, Шымкент қаласы әкімі аппаратының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Гүлмира Шаймерденова, Қаратау ауданы әкімі аппаратының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Гүлсина Бердібекова, Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Рахима Алеева, Әл-Фараби ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Раушан Әсембекова, Қаратау ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Ляззат Рамазанова, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Шымкент қаласы бойынша департаментінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Жанара Көпжасарова, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағасының орынбасары Шолпан Байбулова, Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Әсел Әсетова, Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№6 балалар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Гүлнұр Молдабекова, Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «Аялы алақан» «№5 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-нің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Әсел Балабекова, Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының «Шымкент қалалық мемлекеттік архиві» КММ-нің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Камиля Байтулешоваралықызы марапатталды.