Халық денсаулығын оңалту жолында сүбелі үлес қосып келе жатқан «Манкент шипажайы» АҚ-ның мәдениет залында «8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне» арналған салттанатты іс-шара өтті. Мейірімділік пен сұлулықтың, даналықтың және рухани қуаттылықтың салтанат құрған күні бастауыш кәсіподақтың қыз-келіншектері ерекше құрметке бөленді.
Салтанатты жиынға «YNTYMAQ» кәсіпкерлік жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Түркістан облыстық филиалының төрағасы Бауыржан Әлтеев, «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төраға орынбасары Айдар Бахтыбаев, «Манкент шипажайы» акционерлік қоғамы мекемесінің басшысы Хамрақұл Қорғанов пен бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Бегзад Азизов қатысып, нәзік жандыларды төл мерекесімен құттықтады.
Мерекелік шарада Бауыржан Әлтеев әйелдер қауымын шуақты мерекемен құттықтап, белсенділігімен, адал еңбегімен көзге түскен мекеме қызметкерлерін салалық кәсіподақтың алғыс хатымен және төсбелгісімен марапаттады. Барлық марапатталушыларға салалық кәсіподақ атынан сыйлықтар табысталды.
Осы салтанатты жиында барлығы 13 кәсіподақ мүшесі марапаттарға ие болды. Соның ішінде, бастауыш кәсіподақ комитетінің мүшесі Бота Нсанова елеулі еңбегі үшін «Алтын дәрігер» төсбелгісімен марапатталды. Ал, жемісті қызметтері үшін кәсіподақ белсенділері Гаухар Ботбаева, Дилобар Мананова, Мадина Абдраимова, Муборак Тожиметова, Лина Чебан, Хилола Балтабаева, Эльмира Умарова, Табия Кожабаева, Багила Сатымбекова, Лайла Умарова, Гулбахар Коказова, Хуршида Пазлиева Алғыс хат иегері атанды. Салтанатты шара соңы мерекелік концертке ұласты.