Бастауыш кәсіподақ ұйымының қал-жағдайымен танысты

Құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Түркістан облыстық филиалының төрағасы Абдурайра Манахов «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында Түркістан облысы Ордабасы ауданында орналасқан «Ордабасы тазалық» ЖШС-не барып, бастауыш кәсіподақ ұйымының қал-жағдайымен танысты.

Кездесу барысында әлеуметтік әріптестік жылындағы қоғамдық қызмет пен өзара іс-қимыл перспективалары және мекемедегі жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында техникалық инспекторлардың құқықтары мен өкілеттіктері түсіндіріліп, аталған бағыттағы жұмыстар талқыланды.

Айта кетейік, аталған мекемені Серік Жұмашев басқарады және мекемеде 70 еңбеккер жұмыс істейді. Барлығы 100% кәсіподақ мүшелігіне кіреді. Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы – Абылқасым Сманов.