Шұғылалы да шуақты көктемнің мерекесі 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні. Отбасының ұйытқысы, береке-бірліктің бастауы – әйелдер қауымының қоғамдығы орны да ерекше. Бүгінде әйелдер барлық салада еліміздің даму жолында жемісті еңбек етіп келеді. Мерекеге орай Қызылорда облыстық мемлекетті мекемелер салалық кәсіподағына қарасты ұйымдарда мерекелік шаралар өтті.
Мерекелік шарада Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің, Қызылорда қаласы әкімі аппаратының, №1, №2 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарының, Мүгедектерге арналған оңалту орталығының, Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету балалар орталығының, Н.Ілиясов атындағы ауылдық округі әкімі аппаратының кәсіподақ мүшелері облыстық салалық кәсіподақтың алғыс хаттарымен марапатталып, қаржылай сыйлықтар табысталды.