Еліміздің Батыс өңірлерінде тұрғындар Наурыз мейрамын тойлауды 14-ші наурыздан бастайды. Оны жұртшылық «Көрісу» немесе «Амал» мерекесі деп атайды. Осы ізгілік пен мейірімділік мерекесін Ақтөбе облыстық Н.Байғанин атындағы облыстық кітапхананың бастауыш кәсіподақ ұйымы ақ дастархан жайып, ұлттық салт-дәстүрдің озық үлгілерін көрсетіп, мерекені ерекше атап өтті. Келушілерге бұл күннің тәрбиелік мәні түсіндірілді.
«Бір жасыңызбен» деп бір-бірлерін құттықтап, ізгі тілектерін білдірді. Бауырсақ, наурыз көже қойылған дастарханнан дәм ауыз тиіп, мерекелік концерт қойылды.
«Бұл «Амал» мерекесі айдың соңына дейін жалғасады. Біз бастауыш ұйымдармен тығыз байланыста жұмыс жасап, осындай басқосулар арқылы өзара татулық пен ынтымағымызды одан әрі орнықтыра түсеміз», – деп атап өтті ҚР Мәдениет, спорт және ақпарат саласы қызметкерлерінің салалық кәсіподағы Ақтөбе филиалының төрайымы Назира Табельдинова.