Кеңес отырысында келелі мәселелер қаралды

«Атамекен» өнер ордасы ғимаратында «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» ҚБ Батыс Қазақстан филиалының Кеңес отырысы өткізілді.

Кеңеске БҚО мәдениет басқармасының басшысының орынбасары Қуанышбек Мұқанғалиев, БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары  Жеңіс Нығметуллин, БҚО еңбек инспекциясы бойынша басқарманың бөлім басшысы Дастан Халелұлы, салалық кәсіптік одақтың бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жетекшілері мен БАҚ өкілдерінен құралған барлығы 30-дан астам адам қатысты. Күн тәртібінде 2021 жылдың қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар, 2021-2023 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік туралы салалық келісімге сәйкес Ұжымдық шарттарға өзерістер мен толықтыруларды енгізу мәселелері қаралды.


Кеңес барысында мәдениет саласы бойынша алда тұрған міндеттер мен кәсіподақ жұмысы барысында «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» ҚБ Батыс Қазақстан филиалының төрағасы А.Батырханов баяндама жасады.