Бүгінгі Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінде аймақ кәсіподақтары мұқият тыңдады.
Мемлекет басшысы елімізде саяси жүйе мен әкімшілік-аумақтық құрылымдарда орын алатын ауқымды бастамаларды, азық-түлік қорын нығайту, дағдарысты еңсеру бағдарламалары, халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру, ауыл шаруашылығының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету және азаматтық қоғамның ролін арттыру бағытындағы нақты қадамдарды атап өтті. Ел Президенті Қазақстан Халқына жолдаған ауқымды Жолдауының соңында барша азаматтарды Жаңа Қазақстанды құруға бір кісідей жұмылуға шақырды.
«Халықтың қолдауымен мақсатымызға жетеміз деп сенемін», – деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы. Қызылордалық кәсіподақтар Президент Жолдауынан үлкен серпіліс алып, барлық бастамаларды құрметпен қолдады.