ҚР Президенті бірқатар қазақстандықтарды мемлекеттік наградалармен марапаттады

Марапатталушылардың қатарында өндірістік сала, денсаулық сақтау, бизнес өкілдері, мәдениет және ғылым қайраткерлері, спортшылар, еріктілер бар.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен 25 адам марапатталды, оның ішінде Павлодар облысы Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің баспасөз хатшысы Музалевский Константин Константинович бар.

Павлодар облысы Аумақтық кәсіподақтар бірлестігі, салалық, жергілікті кәсіподақ қоғамдық бірлестіктерінің филиалдары Константин Константиновичті лайықты марапатымен құттықтайды және оған кәсіби қызметінде табыстар мен жаңа жеңістер тілейді!