Бастауыш кәсіподақ ұйымдарындарындағы кәсіподақ мүшелерімен кездесу жалғасуда.
Қызылорда облысының кәсіподақтар орталығының төраға міндетін атқарушы Серік Сермағамбетов №1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына барып, орталық қызметкерлерімен сұхбаттасты.
1992 жылы құрылған орталық қызмет алушыларға 7 бағыт бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді. Орталықта 169 қызметкер жұмыс жасаса, оның барлығы кәсіподақ мүшелері болып табылады.
Кездесу барысында орталық қызметкерлері еңбек ақы бойынша және салада жұмыс жасайтын қызметкерлердің әлеуметтік-экономикалық жағдайлары бойынша ойларын ортаға салды.