Ұлыстың ұлы күнінде Ақтөбе өңірінің дамуына сіңірген еңбегі, жоғары кәсібилігі, елімізде татулық пен патриоттық сезімді дәріптеуге қосқан зор үлесі және халқымыздың игілігі жолындағы адал еңбегі үшін Ақтөбе облыстық мәслихатының арнайы Алғыс хатымен Ақтөбе ферроқорытпа зауыты бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағасының орынбасары Сапарғали Мұқашов марапатталды.
Металлургтерді арнайы Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен Ақтөбе облыстық мәслихатының өкілі және Ақтөбе қалалық ауған соғысы ардагерлері қоғамдық бірлестігінің төрағасы Аслан Балқасынов құттықтап келді.
«Қашанда көш басында жүретін металлургтерді Наурыз тойымен арнайы құттықтап келдік. Облысымыздағы ең ірі өндіріс ошақтарының бірі де бірегейі. Барша зауыттықтарды жылдың басы әз Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Өндірістегі ерен еңбектеріне сәттілік тілеймін», – дейді Ақтөбе қалалық ауған соғысы ардагерлері қоғамдық бірлестігінің төрағасы Аслан Балқасынов.
Ақтөбе ферроқорытпа зауыты бастауыш кәсіподақ ұйымы көптеген игілікті істердің ұйытқысы болып, өндіріс саласындағы металлургтердің әлеуметтік жағдайын көтеру бағытында көптеген жұмыстар атқаруда.
Сонымен қатар, зауыттықтар облыс көлемінде болып жатқан мемлекеттік маңызы бар міндеттемелер мен бағдарламаларға, аймақтың дамып, өсуіне, гүлденуіне металлургтер атынан нақты әрі жүзеге асуына мүмкіндігінше бір кісідей атсалысып өзіндік үлестерін қосып келеді. Бүгінгі құрметті марапат соның жарқын дәлелі.