Әрбір қызметкер өзінің әлеуметтік-еңбек құқықтары мен кәсіби мүдделерін қорғауға құқылы. Бұл құқықты іске асыру келісім комиссиясының кәсіпорында жұмыс істеуі арқылы жүзеге асырылады.
«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС келісім комиссиясы 2016 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Комиссия тепе-тең негізде құрылды және әр тараптан бес адамнан жұмыскерлер (кәсіподақ) мен жұмыс беруші өкілдерінің тең санынан тұрады.
Комиссия қызметкерлердің өтініштерін қарайды және қызметкерлердің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғайды. Келісім комиссиясының барлық мүшелері сертификаттар ала отырып, Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің оқу орталығында оқудан өтті.
2022 жылғы 28 ақпанда кәсіпорынның келісім комиссиясына жұмыскердің оған ескерту түрінде тәртіптік жаза қолдану және ай сайынғы сыйлықақыны 25%-ға төмендету туралы бұйрықпен келіспейтіні туралы өтініші келіп түсті.
Осы өтінішті қарау кезінде комиссия істің барлық материалдарын зерттеп, қызметкерге тәртіптік жаза заңсыз қолданылған деген қорытындыға келді, өйткені жұмыс беруші ішкі құжаттардың нысандарын әзірлемеген және бекітпеген, оларды дұрыс ресімдемегені үшін қызметкер жазаланды.
Комиссия шешімімен жұмыс берушінің тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрығының күші жойылды, қызметкерге ай сайынғы сыйлықақының заңсыз ұсталған бөлігі қайтарылды, бұзылған еңбек құқықтары қалпына келтірілді.