Түркістанда білім қызметкерлеріне арналған семинар жоғары дәрежеде өтті

Киелі Түркістан қаласының төрінде «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Айгүл Мұқашева, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жандос Шайдулла, Салалық кәсіподақтың құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Райхан Қыдырбаева және кәсіподақтың қала, аудандардағы филиалдар төрағалары, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының мүшелері мен төрағалары Келісу комиссияларының мүшелеріне семинар өткізді.


Семинарды сөз сөйлеп ашқан Салалық кәсіподақ төрайымы Айгүл Мұқашева білім беру ұйымдарындағы Келісу комиссияларының рөлі, маңыздылығы туралы және Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағымен атқарылатын жұмыстар туралы ақпарат берді.

Салалық кәсіподақтың құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Райхан Қыдырбаева семинарға қатысқандарға «Жеке еңбек дауларын шешу жөніндегі келісу комиссиясы туралы» тақырыбында түсіндірме жұмыс жүргізді. Семинар барысында Райхан Мамашиқызы Қазақстан Республикасының «Кәсіптік одақтар туралы» заңының 17-бабы 5-тармағына сәйкес кәсіподақ мүшелерінің арасында олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, оның ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының негіздері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ еңбек дауларында келіссөздер жүргізе білу дағдыларын дамыту және консенсусқа қол жеткізу кәсіподақтардың негізгі міндеттерінің бірі болып табылатындығын атап өтті. Сонымен қата, келісу комиссиясын құрудың және оның қызметінің өзекті мәселелерін егжей-тегжейлі түсіндірді.

Өз кезегінде қоғамдық бірлестік төрағасы Жандос Шайдулла семинарға қатысушыларға Еңбек кодексінің 159-бабының 8-тармағына сәйкес Келісу комиссиясының мүшелері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану, еңбек дауларында келіссөздер жүргізу және консенсусқа қол жеткізу дағдыларын дамыту бойынша жыл сайынғы оқытудан өтуге міндетті екендігін атап өтті. Ескерілген тілектерін қарастырылатынын және алдағы уақытта басқа да педагогтар өздерінің сұрақтарына жауап алатындығын атап өтті.

Семинарға қатысушылар тақырып бойынша көкейтесті сұрақтарын жолдап, жан-жақты жауаптарын алды. Дәл осындай форматта өтілетін семинарлар Түркістан облысының қалған барлық аудандарының білім беру ұйымдарының Келісу комиссияларының мүшелеріне де өткізілетін болады.

Бүгінгі семинарға қатысқан Келісу комиссиясының мүшелеріне «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Айгүл Мұқашева оқудан өткендігі туралы сертификаттарын табыстады. Айта кету керек, семинарлар ақысыз негізде өтілді.

Кездесу соңында ұстаздар өздерінің алғыстарын білдірді.

Ағымдағы жылдың 25 наурызы күні Кентау қаласында «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Айгүл Мұқашева, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жандос Шайдулла, Салалық кәсіподақтың құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Райхан Қыдырбаева және кәсіподақтың қала, аудандардағы филиалдар төрағалары, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының мүшелері мен төрағалары Келісу комиссияларының мүшелеріне семинар өткізді.

Семинардың өтілу барысында Райхан Мамашиқызы келісім комиссиясын құру, жұмыс істеу тәртібі, сандық құрамы, келісім комиссиясы мүшелерінің өкілеттік мерзімі, келісім комиссиясының жұмысын ұйымдастыру рәсімдері, еңбек дауын қарау мерзімдері, жеке еңбек дауларын қарайтын органдар, келісім комиссиясының шешім шығару және оларды орындау тәртібі туралы және оның қызметінің өзекті мәселелері жайлы толықтай түсіндірді.

Семинар соңында қатысушылар өздерінің көкейтесті сұрақтарын қойып, Райхан Мамашиқызы қойылған сұрақтарға жауап беріп, өзінің кеңесін беріп, өз тәжірибесінде болған мысалдар келтіріп, осы дауларды шешудің жолдарымен бөлісті. Семинарды өткізу барысында сұрақ-жауап форматы қолданылды.

Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Келісу комиссиясының мүшелеріне оқудан өткені туралы сертификаттары беріледі. Кездесу соңында ұстаздар өздерінің алғыстарын білдіріп семинар жоғары деңгейде өткенін атап өтті.


Ескере кету керек, семинар ақысыз негізде өткізілді.