Еңбек ұжымдарымен кездесулер жалғасуда

«Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің бас маманы Ерлан Жандарбеков, Түркістан облысының мемлекеттік еңбек инспекторы Ғалымжан Сапаркулов пен Түркістан облысы Сарыағаш ауданы кәсіпкерлер ауыл шаруашылық бөлімінің бас маманы Ғани Жанысбек жоспарға сәйкес облыс аумағындағы кәсіпорындарда Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының талаптарын түсіндіру және мекемедегі жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында орналасқан «Алекс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде арнайы жиын өткізді.


Жиынға қатысушыларға еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттері, жұмыскерлерге жазатайым оқиғадан сақтандыру шараларының нақты мысалдары келтіріле отырып түсіндірілді.

Кездесуде кәсіподақтар бірлестігінің бас маманы Е.Жандарбеков сөз алып, кәсіподақтардың негізгі мақсаты еңбеккерлердің әлеуметтік және еңбек құқығын қорғау, кәсіпорындардағы жазатайым окиғаларды болдырмау, еңбек жалақыларына мониторинг жасау екендігін атап өтті. Тағы бір ерекше атап өтетін мәселе, азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша аумақтық кәсіподақ бірлестігінің ғимаратында Татуластыру орталығы ашылғанын, ондағы мақсат жұмыс барысында туындаған дауларды медиация жолымен сотқа жеткізбей шешу мәселесі қарастырылғанын айтты.

Сондай-ақ, кәсіподақтардың жұмысын жандандыру аясында аудандағы кәсіподақ қозғалысын дамыту және кәсіподақ мүшелерінің санын арттыру мақсатында қатысушыларды кәсіподақ мүшелігіне өтуге шақырды.

Жиын соңында қатысушылар өз ойларын ортаға салып, пікір алмасып, қойылған сұрақтарына жауаптарын алды.