Еңбек қауіпсіздігі – басты назарда

Түркістан облысы аумағындағы кәсіпорындарда әлеуметтік шиеленіс, еңбек дауларының алдын алу мен еңбек заңнамаларының талаптарының сақталуы бойынша бекітілген жоспарға сәйкес, Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Құркелес ауылында орналасқан «Винный завод» «SILK ALLEY» жауапкершілігі шектеулі серіктестік ұжымының жұмысшыларымен жиналыс өтті.


Жиналыс мақсаты – жұмыс орнындағы жазатайым оқиғалардың және еңбек дауларының алдын алу болып табылады. Оған «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің бас маманы Ерлан Жандарбеков, Түркістан облысының мемлекеттік еңбек инспекторы Ғалымжан Сапаркулов, Түркістан облысы Сарыағаш ауданы кәсіпкерлер ауылшаруашылық бөлімінің бас маманы Ғани Жанысбек және ұжым қызметкерлері қатысты.

Жиында кәсіподақтар бірлестігінің бас маманы Ерлан Жандарбеков сөз алып, еңбеккерлерге еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау, еңбек қатынастарын реттеу және жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында техникалық инспекторлардың құқықтары мен өкілеттіктері түсіндіріліп, техникалық инспекторлардың күнделікті жұмысын ұйымдастыруға көмектесетін нақты ақпараттар ұсынылды.

Сондай-ақ, әлеуметтік әріптестік жылындағы қоғамдық қызмет пен өзара іс-қимыл перспективалары, аудандағы кәсіподақ қозғалысын дамыту және кәсіподақ мүшелерінің санын арттыру туралы мәселелер талқыланды.

Кездесу соңында қатысушылар өзара ақпарат алмасып, қойылған сұрақтарға жауаптар алды.