Заманауи өндірістегі маңызды кәсіптердің бірі – токарь мамандығының нағыз майталманы Василий Иванович Цикало «Астана су арнасы» МКК еңбек етеді.
В.Цикало 1962 жылы Ақмола облысы, Астрахан ауданында дүниеге келді. Ол 1980 жылы №29 орта қалалық кәсіптік-техникалық училищесін токарь мамандығы бойынша (СГПТУ) бітіргеннен кейін, еңбек жолын Шойын құю зауытында бастады. 1983 жылы Кеңес әскері қатарында борышын өтеп келіп, зауытта жұмысын жалғастырады.
Ұзақ жылдар Целиноградтағы Фарфор зауытында және өзі білім алған училищеде өндірістік оқыту шебері болып жұмыс істейді. Училище таратылған соң Үй құрылысы комбинатында жұмыс істеп, кейін Бетон-ерітінді торабына ауысады.
2012 жылы «ҚазЭлектромонтаж» кәсіпорнына 5-разрядты слесарь болып жұмысқа орналасады. 2019 жылдан бастап “Астана су арнасы” кәсіпорнында токарь болып жұмыс істеп келеді.
Жалпы еңбек өтілі 44 жыл болатын В.Цикало өзін кәсіби, еңбексүйгіш маман ретінде көрсете білді. Ол өз қызмет саласындағы озық тәжірибелерді үнемі қолданып, жетілдіріп отырады. Күнделікті жұмысында жауапкершілік пен ұқыптылық, жоғары дәрежеде ұйымдастырушылық танытады.
Василий Ивановичтің айтуынша, токарлық жұмыс шыдамдылықты, табандылықты, қажырлы, қиын жұмыстан қорықпауды талап етеді. “Ең бастысы күш емес, алдымен сызбаларды жақсы түсіну қажет, ең бастысы анық көре білу, епті қол, ұшқыр тапқырлық пен шыдамдылық қажет. Өйткені, токарь жасайтын бөлшектер жоғары дәлдікте болуы керек. Егер сіз берілген өлшемдерді кесуде сәл ғана қателік жіберсеңіз, бұл бөлік орналасқан бүкіл механизм істен шығуы мүмкін. Кейде сантиметрдің ғана емес, миллиметрдің оннан бір бөлігін сақтау талап етіледі. Сондықтан токарьда өлшеу құралдары аз болмайды және оны дұрыс пайдалана білу керек. Жұмыс орны әрқашан жақсы жарықтандырылуы тиіс.
«Астана су арнасы» кәсіпорнындағы жұмыс жағдайы жаман емес, жылы, әрі таза, арнайы жұмыс киімі, қорғаныш көзілдірігі беріледі”, – дейді В.Цикало.
В.Цикало өнерден де құр алақан емес. Кәсіподақ мүшесі бола отырып, кәсіпорынның қоғамдық өміріне және көркемөнерпаздар қойылымдарына белсене қатысады.
Наурыз айында Василий Иванович Цикалоны 60 жасқа толуымен кәсіпорын басшылығы мен кәсіподақ ұйымы ерекше ілтипатпен құттықтады.