Жамбыл облысына сапары барысында ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин өңірдік кәсіподақ активімен – салалық филиалдар, аумақтық және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағаларымен кездесті.
Жамбыл облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бағлан Қарашолақов кәсіподақ орталығының 2021 жылғы жұмысын қорытындылай отырып, былтыр облыста 56 бастауыш кәсіподақ ұйымы құрылып, 2 499 жаңа мүше қатарға қосылғанын атап өтті.
Кәсіподақ орталығының мәліметінше, Жамбыл облысында 15 салалық кәсіподақ филиалы бар, олардың құрамында 123 мыңнан астам мүшені қамтитын 1 58 бастауыш кәсіподақ ұйымы бар. Соңғы 5 жылдың нәтижесінде (2016-2121 жылдар аралығы) кәсіподақ мүшелігімен қамтуда оң өсім қалыптасып, кәсіподақ мүшелерінің саны 7 мыңға артқан.
Жамбылдық кәсіподақ белсенділері жергілікті әлеуметтік әріптестермен қарым-қатынас туралы айтып берді. Мысалы, Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіподағы филиалының төрағасы Базантай Данияров соңғы жылдары кәсіподақ белсенділерінің түсіндіру жұмыстары барысында бастауыш кәсіподақ ұйымдарының саны 8-ден 62-ге артқан.
Өз кезегінде облыстық салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлері кәсіподағы филиалының төрағасы Дүйсенәлі Бықыбаев кәсіподақ мүшелерін сауықтыру және мәдениет саласы қызметкерлерінің жекелеген санаттарындағы жалақының төмендігі секілді мәселелерді көтерді.
ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин осындай кездесулер ҚР КФ басшылығының өңірлерге сапары барысында өткізіліп отыратынын атап өтті.
«Біз үшін бастауыш ұйымдар қызметінің барлық тұстарын біліп отыру маңызды, оларда қандай мәселелер бар, қандай көмек керек деген секілді. Өңірлерді айтылған ұысыныстар негізінде Федерация республикалық деңгейде жергілікті нақты өзекті мәселелерді шешуді көтереді, нәтижесінде мыңдаған қазақстандық кәсіпорындар жұмыскерлерінің мәселесінің шешілуіне көмектеседі», – деді ҚР КФ басшысы.
Кәсіподақ ұйымдарының еліміздегі әлеуметтік-еңбек қатынастарын дамытудағы рөліне тоқталған, Сатыбалды Дәулеталин қазіргі таңда жұмыс орындарындағы жұмыскерлердің еңбек құқығын қорғауды ең алдымен бастауыш кәсіподақ ұйымдары жүргізетінін атап өтті.
«Кәсіподақ жетекшілері сіздер, құқық алаңында ұжымдық келіссөзді сауатты жүргізуді үйренулеріңіз керек. Қатардағы кәсіподақ мүшелерінің еңбек етуіне жайлы жағдай жасалуына мүдделі және жауапты болуыларыңыз керек. Тәжірибе көрсеткендей, кәсіподақ қызмет ететін кәсіпорындарда жұмыскердің мүддесі мен құқығы сақталады, ал еңбек даулары әлеуметтік әріптестердің екі жағына да залал келтірмей тез шешіледі», – деді ҚР КФ төрағасы.
Сатыбалды Дәулеталиннің айтуынша, осыған байланыста Кәсіподақтар федерация еңбек консультацияларын бірлесіп өткізу бастамасын көтерген.
«Еңбек консультациясы дегеніміз не? Биыл ақпан айынлағы Үкімет жиынында Кәсіподақтар федерациясы «Еңбек консультациясы» атты акция өткізу жөніндегі ұсынысын жариялады. Әңгіме екі тараптың ақпарат алмасуы үшін бірлескен консультациялар өткізуі жайында. Бір жағынан жұмыс беруші өндіріс басқаруға қатысты мәліметтер береді, екінші жағынан кәсіподақтар еңбек жағдайына байланысты мәліметтерді алады. Бірлескен консультациялар жүйесі еңбек дауларын азайтуға, тараптардың ұзаққа созылатын келіспеушіліктерін болдырмауға мүмкіндік береді», – деді Кәсіподақтар федерациясының төрағасы.
Ол жамбылдық әріптестеріне Үкіметке ҚР КФ әзірлеген ұсыныстар топтамасымен таныстырды. Атап айтар болсақ, бұл жұмыскерлерге жалақы берешегі бар жұмыс берушілерге қатысты жазаны күшейту жөніндегі іс-шараларға қатысты. Сондай-ақ жұмысқа жарамсыздық парақшасын 100 пайыз төлеу, жыл сайын жалақыны индексациялау және тағы басқалары.
«Біз кәсіподақтардың өндірісті басқаруға қатысуын қамтамасыз ету қажет деп санаймыз. Оның ішінде міндетті түрде жалақы жөніндегі келіссөздер жүргізу, еңбек заңнамасын мемлекеттік бақылау және қадағалауды күшейту және ұжымдық еңбек даулары туындаған жағдайда жұмыскерлердің шағым-талаптарын ұсыну рәсімдерін жеңілдету де бар», – деді Сатыбалды Дәулеталин.
ҚР КФ төрағасыныің пікірінше жұмыс беруші мен жұмыскерлер өкілдерінің үйлескен қарым-қатынасына қол жеткізу үшін екі тарапқа да құқықтық сауатты ұдайы арттырып отыру маңызды. Кәсіподақтар федерациясы өз тарапынан кәсіподақтар мүшелеріне тұрақты түрде оқу семинары мен тренингтер өткізіп келеді, ал сәуір айынан бастап жұмыс берушілерге де ұйымдастырады.
«Әлеуметтік әріптестердің құқықтық сауатын арттыру кәсіпорында даулы сұрақтар пайда болғанда маңызды рөл атқарады. Адамдардың құқықтық сауаты жоғары болған сайын, ең күрделі еңбек даулары заң негізінде тиімді шешіледі», – деді Сатыбалды Дәулеталин.
Сатыбалды Дәулеталин жұмыс сапары барысында Жамбыл облысының педагогика қауымдастығы өкілдері – кәсіподақ мүшелерімен кездесті.
Кәсіподақ мүшелерінің ең көбі облыстық білім және ғылым саласында, олардың құрамында 67 271 жамбылдық кәсіподақ мүшесі бар 801 білім мекемесін қамтиды.
Жамбыл облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ерұлан Мағзымбеков кәсіподақ ұйымының қызметі туралы айта келе, өңірде құрылған Дербес оқыту орталығы жұмыс істейтінін, онда бір жыл ішінде 2 мыңнан астам кәсіподақ өкілі жалақы төлеуге қатысты, кәсіподақ және еңбек заңнамасына қатысты курстарды оқығанына тоқталды.
Салалық кәсіподақ құрамында құқықтық инспекция ашылған. Онда 14 маман құқықтық көмек көрсетіп, кеңес береді. Құқық инспекторлар 10 мыңнан астам адамға құқықтық көмек көрсеткен.
ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы кәсіподақ мүшелерін кәсіподақ қозғалысын дамытуға үлес қосып жүргені үшін алғыс айтты.
«Білім және ғылым саласындағы қызметкерлердің салалық кәсіподағы – ҚР Кәсіподақтар федерациясының ең ірі мүше ұйымының бірі. Еліміздегі ең ірі қоғамдық ұйымы Кәсіподақтар федерациясы құрамында бола отырып, сіздер мыңдаған мұғалімдер армиясының құқығы мен мүддесін қорғаушысыздар. Тұтастай алғанда кәсіподақ – азаматтық қоғамның басты бөлігі, оның дамуы біздің жеткізетін құндылықтарға байланысты. Әрбір еңбекші адамның әлеуетін жақсартып, сапалы өмір сүруіне және еңбек етуіне лайықты жағдай қалыптастыру біздің міндетіміз», – деді Сатыбалды Дәулеталин.
ҚР Кәсіподақтар федерациясының медиаорталығы