Сенбілікте белсенділік танытты

Пандемия індетіне байланысты екі жылдан бері қала мен оның төңігеріндегі елді мекендер аумағы тазартылмай, күл-қоқысы көбейіп, азыңқырап кеткен еді. Осыны ескерген Атырау қаласының жаңадан тағайындалған әкімі Мейірім Қалауи көктем келіп, күн жылынысымен өз қаулысымен санитарлық тазалықтың екі айлығын жариялаған болатын. Бүгін мұнайлы астанада осы айлық аясындағы алғашқы сенбілік ұйымдастырылды.


Атырау облысы Кәсіподақтар бірлестігі қызметкерлері де жалпықалалық сенбілікке белсене қатысып, туған өлке тазалығына өз үлестерін қосты. Бірлестік төрағасы Ізтұрған Баймұханов бастаған кәсіподақ жетекшілері мен белсенділері Кәсіподақтар үйі ғимараты төңірегін тазартып, абаттандыруға, ағаштардың түбі қопсытып, ақтауға қатысты. Шаһар тазалығы – өз қолымызда деген ұстанымды алға тартқан кәсіподақшылар алдағы сенбіліктерге де ұйымшылдық пен саналылық танытуға бекініп отыр.