Павлодарда ауыл шаруашылығы саласында жаңа бастауыш кәсіподақ ұйымы ашылды

Павлодар қаласында кәсіподақтар үйінің ғимаратында ШЖҚ “Облыстық ветеринариялық станциясы” МКК қызметкерлерінің жиналысы өтті.

Жиналыс облыстық ветеринарлық станцияның басшысы М.Абсаликовтың, “Павлодар облысы бойынша Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы” ҚБ филиалының төрағасы П.Сурманың қатысуымен өтті.

500-ден астам жұмыскерді біріктірген облыстық ветеринариялық станциясының бастауыш кәсіподақ ұйымын құру туралы шешім қабылданды.

Қазіргі уақытта ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіподағы және жұмыс берушілер бірлестіктері арасында қабылданған салалық келісімде ветеринария қызметкерлері үшін көптеген жеңілдіктер мен кепілдіктер енгізілген.

Еңбек жағдайлары зиянды қызметкерлер үшін 1, 3 коэффициентімен еңбекақы мөлшері арттырылды. Құрылған кәсіподақ ұйымының қызметкерлері ветеринарлық дәрігерлер, ветеринарлық техниктер, ветеринарлық санитарлар қазіргі уақытта салалық Келісімде көзделген жеңілдіктерді пайдаланатын болады. Жиналыста бірінші кезекте бастауыш ұйым құрылғаннан кейін ұжымдық шартты әзірлеу және қабылдау туралы шешім қабылданды.

Жиналысқа қатысушылар ветеринария қызметкерінің кәсіби күнін енгізуді қолдады.