Еліміздегі кәсіпорындарда Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған іс-шаралар басталды. Осы күнге арналған байқау-конкурстарды өткізу бойынша «Богатырь Көмір» ЖШС комиссиясының құрамына «Батыр Көмір» жергілікті кәсіподағының төрағасы С.Михайлюк те кірді. Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні атап өтілетін 28 сәуірге дейін комиссия компанияның қатысушы қызметкерлерін құрылымдар бойынша бағалайтын болады.
Сонымен қатар, кәсіподақ дәстүр бойынша 28 сәуір күні техникалық инспекторларды құрметтейді – бүгінде олардың 104-і кәсіпорында жұмыс істейді.
Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні – өндірісте жұмыс істейтіндердің барлығы үшін маңызды күн.
“ҚР Кәсіподақтар федерациясы осы жыл бойынша ақпарат берді”, – деді «Батыр Көмір» жергілікті кәсіподағының төрағасы С.Михайлюк. – Биыл Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні «Ортақ күш-жігермен еңбекті қорғаудың оң мәдениетін қалыптастыру» ұранымен өтеді. Ұранның басты тақырыбы – еңбекті қорғаудың оң мәдениетін қалыптастыру үшін әлеуметтік диалогтың және барлық мүдделі тараптардың тартылуының маңызы. Біз бұл бастаманы қолдаймыз және жұмыс берушінің, кәсіподақтың және қызметкерлердің ортақ күш-жігерінің арқасында ғана өндірістегі қауіпсіздікке қол жеткізуге болады деп санаймыз”.